Малайзиядағы Азия Чемпионаты

2018 ж. 26 сәуірден 04 мамырға дейін  Малайзияда көркем гимнастикадан Азия Чемпионаты өткізілді. Біздің мектептен топтық жаттығулардан екі команда қатысты – олар жаттықтырушы - оқытушы Нечитайло Оксана Ивановнаның тәрбиеленушілері: Талғатбек Анель, Султанова Регина, Жакупова Даяна, Ерғалиева Динара, Будник Джессика, олардың нәтижелері – шеңбермен жаттығуларда - ІІ орын, көпсайыстан - ІІІ орын, доп және секіргіш жіппен жаттығуларда - IV орын.

Екінші  команданың жаттықтырушы - оқытушысы Балгинбаевой Меруерт Тулегеновна, құрамында:  Аппас Дияра, Токдемир Дерия, Садубаева Аруана, Елшібек Балқыз, Мансур Дильноза, Алиева Ясмин, олар ұршықпен жаттығуларда  ІІ орында, секіргіш жіппен жаттығуларда ІІ орында, көпсайыстан ІІІ орында.
Қазақстан  Республикасы құрама командасының жарыс қорытындылары келесі:
І орын  - юниорлар арасындағы командалық біріншілікте: Бакатова Сабина (Астана), Абитова Роза (ОҚО), Жолдинова Рената (ВКО), Ертайкызы Айбота (Астана), ІІ орын – сеньорлар арасындағы командалық біріншілікте: Әділханова Алина  (ОҚО), Тлекенова Адиля (Астана), Жұматаева Селина (Астана), Сарыбай Айдана (Павлодар), І орын  - көпсайыста, доппен, лентамен, ІІ  орын шеңбермен және ІІІ орын ұршықпен - Әділханова Алина (ОҚО), ІІІ орын  юниорлар арасында лентамен жаттығуларда - Ертайкызы Айбота (Астана), І орын - ұршықпен, ІІІ орын юниорлар арасында доппен - Бакатова Сабина (Астана), І орын ұршық және доппен - Абитова Роза (ОҚО).
Гимнастшы  Абитова Роза (Шымкент) а.ж. 06-18 қазанда Аргентинада (Буэнос-Айрес) өтетін жасөспірімдер Олимпиада Ойындарына лицензия иеленді.


Қазақстан Республика құрама командасының жалпы медальдар саны - 17, оның ішінде: алтын - 7, күміс - 5, қола - 5.

05052018 021

05052018 022

05052018 023

05052018 024

05052018 020