Весенний Тараз

№1 БЖМОРСМ спорттық акробатика бөлімінің  жас спортшылары  2019 ж. 10 - 15 сәуір аралығында «Весенний Тараз» атты ашық қалалық чемпионатына қатысты.  
Жарыста чемпион болып табылған Жұматай Малика, күміс  жүлдегері – Скоропад Дарья.
Қола медаль иегерлері болған 5 (бес) қатысушы: Ромашкин Иван, Молдагельдинов Арлан, Карыров Тимур, Бауыржанова Дилара, Жақсылық Дамелі.

18042019 001

Спорттық гимнастикадан федерация президентінің Кубогі

2019 ж. 27 ақпан - 03 наурыз аралығында Алматыда гимнастика федерациясы президентінің Кубогі өткізілді.  Астана қаласы командасынан  10 спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің команда 5- алтын, 6 – күміс,  4 - қола медаль иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтыймыз!

13032019 001

13032019 002

13032019 004

13032019 003

Жастар арасындағы ҚР Чемпионаты

Көркем гимнастикадан жастар арасындағы ҚР Чемпионаты  а.ж. 18 - 23 ақпан аралығында Өскемен қаласында өткізілді.
Атана қ. командасын топтық жаттығулардан және жеке біріншілікте   30 гимнастшы құрастырды.
Жарыс нәтижелері бойынша біздің  команда І орын иеленді,   ІІ  орында – Оңтүстік Қазақстан  обл., ІІІ орында – Павлодар обл.
Топтық жаттығуларда финалда 5 шеңбермен біздің команда І және ІІ орында,  5 лентамен – І орында.
Жеке бағдарламада Мейржанова Айым екі түрден І орын, Аненова Жанель – ІІ орын, Жайлауова Эрика І және ІІІ орынға ие болды. Барлығы медальдар саны: алтын-7, күміс-5, қола-3.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

26022019 001

26022019 002

26022019 003

26022019 004

26022019 005

Спорттық биден Қазақстан Республикасы Кубогінің жеңімпаздары мен күміс жүлдегерлері

19022019 001Шувалов Дмитрий және Кереева Адельді спорттық биден «LOVE STORY» турнирі аясындағы  Қазақстан Республикасы Кубогінің латынамерика бағдарламада   І орынмен құттықтаймыз!   Жұп  Кубоктың дебютанты болып табылады.
Турнир   Алматы қаласында а.ж. 16 - 17 ақпан аралығында өткізілді.
Жаттықтырушы-оқытушылары: Старикова Анна және Стариков Дмитрий.
Спортшылар мен жаттықтырушыларды үздік нәтижемен құттықтаймыз!  Сәттілік, жаңа жеңісер сыйлаймыз!

Қауіпсіздік апталығы

2019 ж.   11 - 16 ақпан аралығында Астана қаласы әкімдігінің «№1 БЖМОРСМ» КММ-де Қауіпсіздік апталығы өткізілді. Жоспар бойынша Апталық басшының қатысуымен кеңестен басталды, қызметкерлер мақсаттар мен міндеттерді, уақыт және жауапкершілік сұрақтарын  талқылады.
Екі күн бойы тәжірибелік сабақтарында ұжым  төтенше жағдайдағы жұмыс үйлесімділігін, бір жерге жиналуды білгендерін көрсетті. Алаңдату сигналы естілгеннен кейін әр қайсысы өз жұмысын айқын және жылдам жасады. Балалар эвакуацияланды, өрт құралдары дайындалды осының барлығы 2,5 минутта өткізілді. Құрбан болғандар жоқ, ең маңызды құжаттар мен құралдар максималды құтқарылды.
Күтушілер белсенді қатысты. Апталық барысында терроризм, экстремизм, өрт туралы слайдтар көрсетілді. Балалар «Біздің айналамыздағы қауіп» конкурсына қатысып, одан қалай сақтану туралы айтты.

Толығырақ: Қауіпсіздік апталығы