Көркем гимнастикадан ҚР кубогі

Ағымдағы жылдың 12 - 17 наурыз аралығында Ақтау қаласында өткізілген көркем  гимнастикадан ҚР кубогінде жеке бағдарламада  Мейржанова Айым І орынға ие болды, Аненова Жанель – ІІІ орында.
Көпсайыстың жеке түрлерінен   юниорлар арасында финалдарда шеңберден Мейржанова Айым І орынға ие болды, доппен  - ІІІ орын, шығыршықпен Аненова Жанель – ІІ орын, Жайлауова Эрика – ІІІ орын.

2006 ж.т. юниорлар арасында топтық жаттығулар құрамында: Махмутова Жанар, Жаркенова Сафия, Даулетова Даяна, Карпекова Дайана, Кадырбек Айнур, Атабек Жибек – көпсайыстан қола жүлдегерлері, және финалдарда 5 секіргіш жіппен және  5 доппен олар ІІ орынға ие болды.
Командалық біріншілікте жеке бағдарлама бойынша команда құрамы: Жайлауова Эрика, Накоскина Елена, Фель Илона күміс жүлдегерлері болып табылды.
2003-2005 ж.т. юниорлар құрамында: Хасан Вильдана, Сағындыкова Аружан, Бөлемесова Ақерке, Будник Милана, Қадирбаева Ляйнур, Есмұратова Айару финалдарда топтық жаттығулар бойынша (10 шығыршық), және (2002 ж.т.) сеньорлар команда құрамында: Агибаева Дильнас, Амангельды Гүльсезім, Талғатбекова Ақмарал, Советханова Мерая, Рафгатова Зарина, Калибекова Карина  5 ұршықпен төртінші орында.

26032018 010

26032018 011

26032018 012

26032018 013

26032018 014

26032018 015