Қазақстан гимнастика федерациясы Президентінің ІV Кубогі

2018 ж. 05-07 сәуірде Астанада көркем гимнастикадан Қазақстан гимнастика федерациясы Президентінің ІV Кубогі өткізілді.
Біздің  мектептен  38 гимнастшы қатысты. Жарыс қорытындылары бойынша 2004 ж.т. гимнастшылар арасында топтық жаттығуларда секіргішпен ұршықта финалға шығып І орынға ие болғандар: Токдемир Дерия, Аппас Дияра, Елшибек Балқыз, Садубаева Аруана, Алиева Ясмин.


Топтық жаттығуларда доппен финалға шығып І орын иеленген 2007-2008 ж.т.  гимнастшыларымыз: Төлеуханова Амина, Джунусбаева Жасмин, Чепульская Кристина, Жарылқасын Жанерке, Кеңес Айзере, және осы бағдарламада күміс жүлдегерлер болған  2006 ж.т. қатысушылар: Нұрлан Алуа, Ромашкина Виктория, Төлеуханова Алина, Срымбетова Дәрия, Оспанова Ұлпан, ал секіргішпен жаттығуларда осы қыздар чемпион болып табылды.
Жеке бағдарламада Мейржанова Айым (2008 ж.т.) ұршықпен жаттығуларда І орынға ие болды және шығыршықта – ІІ орын.
Барлығы медальдар саны: 5-алтын,  2 -күміс.

18042018 001

18042018 002

18042018 003

18042018 004