Ел Президентінің 2018 жылғы 05 қазандағы жолдауы туралы «№1 БЖМОРСМ» КММ басшысының пікірі

directorЕл Президентінің 2018 жылғы 05 қазандағы жаңа жолдауы әлеуметтік мәселелерді шешуге, халықтың әл-ауқатын, олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Бізді, спорт саласының жұмысшыларын, ерекше қуантатыны, бұқаралық спорттың қол жетімділігі, 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы қарастырылғаны.
Қазақстан әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына кіруі біртіндеп мектептерді жаңа жабдықтармен жабдықтау, балалардың қауіпсіздігі үшін қажетті бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету, кезең-кезеңімен 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу, халықаралық стандарттағы білімді бағалауды енгізу, оқушы мен оқытушының оқу жүктемесін қысқарту – бұл  жастарды отансүйгіштікке, тіл тапқыштыққа, жасампаздыққа, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге тәрбиелейді.
Мені басшы ретінде қуантатыны, ең төмен еңбекақы төленетін жұмысшыларға олардың еңбегіне төлемақының айтарлықтай көтерілуі.
Біз Елбасы жолдауын толықтай қолдаймыз және жолдаудағы белгілі әлеуметтік сала, спорт пен дене шынықтыру саласындағы негізгі  ережелерді іске асыруға қолдан келгенше үлес қосуға дайынбыз. Атап айтқанда, біздің ұжымның міндеті – еліміздің чемпиондарын дайындау. Біз бұл міндетті ойдағыдай орындаудамыз және одан әрі біздің спортшылардың көрсеткіштерін жақсарту үшін барынша күш саламыз.     

Руководитель КГУ «СДЮСШОР №1»                    С. Шарипов