Спорттық гимнастиканың қалыптасу тарихы

Спорттық гимнастиканың тарихы Целинаград облыстық Білім басқармасы кезінен 1968 жылдан басталды. Спорттық гимнастикадан сабақтар сол жылдары аға жаттықтырушы И.С. Житницкийдің басшылығымен өткізілді. Жаттығулар бұрынғы № 7 ОМ (қазіргі кезде арнайы мектеп-интернат) базасында бірнеше ай ғана өткізілді. Сосын «Динамо» стадионынан спортшылар үшін зал бөлінді. 1988 жылы БЖОРСМ құрылысы басталды, ал 1989 жылы күнделікті көп еңбекті талап ететін сабақтар басталды. Мектеп тұрақты қызмет істеді және Спорт Шеберлерін дайындады. БЖОРСМ болғалы жылдар ішінде Спорт Шеберлері – О. Куликова, О. Алехина, И. Бериханова, В. Коноплицкий, А. Латынина және көптеген Спорт шеберіне үміткерлер дайындалды.
Қазіргі уақытта спорттық гимнастика бөлімінде жұмыс істейтін жаттықтырушылар – бөлімнің аға жаттықтырушысы В.Н. Латынина, сондай-ақ, И.С. Житницкийдің оқушысы Сон Ен-Гым, С.В. Султанова және осы мектептің түлектері О.М. Гончарук, В.В. Коноплицкий. 2002 жылы мектеп «БЖОРСМ» МКҚК болып қайта құрылды. 2005 жылы «БЖОРСМ» ММ болып қайта ұйымдастырылды. Бұл жыл ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізумен және бөлімге түгелдей олимпиадалық құралдармен жабдықтаумен ерекше болды. 2009 жылы мектепті тағы да «№ 1 БЖСМ» МКҚК болып қайта ұйымдастырды. Біздің мектептің атын шығарған және осы күнге дейін атын шығарып жүргендер ҚР Чемпионаттарында, Біріншіліктерінде, ҚР Спартакиадасы мен Жастар Ойындарында жүлделі орындар иеленген Спорт шебері А. Латынина, А. Бауыржанова, спорт шеберіне үміткерлер В. Зимина, М. Броммер, А. Зимина, А. Кожахметова, Е. Марьина, Г. Демин, А. Дмитриенко, Е. Ширимов, Д. Тулепбеков, дайындаған жаттықтырушылар – В.Н. Латынина, Сон Ен-Гым, В.В. Коноплицкий.

Спорттық бидің даму тарихы

Спорттық би 1970 жылдан бастап Целиноград қаласында дами бастады. Басында бұл би ұжымы Пионерлер Үйінде болатын. Қалада біртіндеп бидің спорттық клубтары пайда бола бастады. 2009 жылы Астана қаласында Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасымен №1 БЖМОРСМ –де спорттық би бөлімі ашылды. Мектепте 5 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді. Мектеп оқушылары спорттық биден ҚР Чемпионаттарына қатысты. 2009 жылы Чемпионат жүлдегерлері - Тарасов Ярослав, Федорова Анна (ҚР жасөспірім құрамы), Ельжанов Дамир, Ассалауова Асель (ҚР жастар құрамы) болды, 2010 жылы ҚР оқушыларының 5 Жазғы спартакиадасында Ашенов Нариман, Алдашева Аружан 1орын иеленді, Штефырца Иван и Белькова Виктория – 3 орын, Бегленова Айдана, Исин Рустам 2 орын иеленді, командалық қорытынды орын – 5; ҚР Ашық Біріншілігінде Мурат Наргиз және Сеудуали Макталбек 1 орынды иеленді. 
2002 жылы біздің мектептің жаттықтырушысы әрі спортшысы Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы Түсіпбекова Алия Азия Чемпионатының үшінші жүлдегері болды. Түсіпбекова Алия Майданқызы Қарағанды қаласында  1980 жылы 16 наурызда туылған. 5 жасынан бастап Қарағанды қаласының Пионерлер сарайына бимен шұғылдануға барды.
Қазіргі кезде қалада «Астана қаласының спорттық би Федерациясы» біріктіретін 18-ден астам спорттық клубтар мен студиялар жұмыс істейді. 
Қазіргі уақытта №1 БЖМОРСМ спорттық би бөлімінде А.М.Тусупбекова, М.М.Тусупбекова, Д.И.Стариков, А.В.Старикова, И.В.Холмецкая деген жаттықтырушы-оқытушылар жұмыс жасайды.
Жыл сайын олар халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарға жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындайды.
Үздік спортшылар – Исин Рустам – Бегленова Айдана, Билкасумов Юрий – Алшинова Камила, Ашенов Нариман – Алдашева Аружан, Тілеубергенов Ельдан – Кереева Адель.   

Нұр-Сұлтан қаласында көркем гимнастиканың даму тарихы

Нұр-Сұлтан қаласы көркем гимнастикасының даму тарихы 1956 жылы Целиноград қаласына бөлу бойынша  Адриан Эльза Андреевнаның келуімен басталады. Болашағында өзінің нәтижелі жұмыстарына, тәрбиеленушілерінің жақсы көрсеткіштеріне лайықты Қаз ССР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушы атағы берілді. Ол Целиноград обласының  бірінші КСРО Спорт шебері, яғни Орта Азия Республикаларының және Қазақстанның І Әйелдер Спартакиадасының (Душанбе қаласы, 1968 жыл) және сол жылы Қаз ССР құрама құрамында Киев қаласында өткен Бүкілодақтық Жасөспірімдер Ойындарының қатысушысы Омарова Ляйлим Хакимқызын тәрбиеледі.
Еліміздің құрама командасына кірген жүлдегерлері мен чемпиондары Адриан тәрбиелеген Нейвгерт Фрида, Федонина Елена, КСРО құрама мүшелерінің Спорт шеберлері Янчукова  Светлана, Беккер Татьяна, Лапшина Ольганың жетістіктеріне қала бірнеше рет куә болды.
 Янчукова Светлана КСРО командасын шетелге Халықаралық турнирлерде Польша, Болгария және басқа елдерге таныстырды.

90-шы жылдары қаланың БЖСМ көркем гимнастика бөлімінің мықты жаттықтырушы құрамы  С.Д.Красникова,  Л.Х.Омарова, В.Г. Широкорадова, Е.Лоншакова, О.И.Доспанова, Е.Есикова елдің және халықаралық турнирлердің жүлдегерлері мен чемпиондарын     тәрбиеледі. Олар:   СШ Сүлейменова Гүлмира, ХДСШ Мерцалова Юля ( 1996 ж. Азия Чемпионатының топтық жаттығуларында қола жүлдегері),  ҚР ХДСШ  Красникова Аида ( Азия, ҚРЧ, ҚР Кубогының чемпионы, 2001 ж. Қазақстан халықтарының I Спартакиадасының жеңімпазы, ҚР ұлттық құрама құрамының ХТ жүлдегері, Әлем Кубогының қатысушысы, 1998 ж. Жапония қаласында, 2001 ж. Испанияда ӘЧ – 6 орын, 2003 ж. Венгрия ӘЧ – 9 орын, 2003 ж. Жапонияда Клубтық ӘЧ, 2002 ж. Азия Ойындарының күміс жүлдегері).
Оның табысын ҚР ХДСШ Майя Зайнуллина және Айдана Каулдашева жалғастырды. Олар ҚР ұлттық құрама құрамында Мәскеу қаласында Жастар Ойындарында, Әлем Кубогы этаптарында, 2006 ж. Азия (Үндістан) және 2006 ж. Катарда Азия Ойындарының чемпиондары ел намысын қорғады.    

Майя Зайнуллина – 2006 ж. АЧ секірме жіппен жаттығуда күміс жүлдегер, 2003 ж. Венгрия, 2005 ж. - Әзірбайжан, 2007 ж. - Грекия ӘЧ қатысушысы.

ҚР СШ Хамзина Мадина (жаттықтырушы Л.Х.Омарова, С.Д. Красникова) ХТ, «Дети Азии» 1-ші Халықаралық жарыстарының (Якутия – көпсайыстан күміс жүлдегер) бірнеше дүркін жүлдегері болды.

Алябьева Анна 1993 ж.т. (жаттықтырушы С.Д.Красникова) 2004-2008 жылдар юниорлар арасында ҚР чемпионы, 2009 ж. Әлем Кубогы жарыстарының финалына қатысушы, Халықаралық жарыстардың Гран-Приді ұтып алды. Ол 2009 ж. Францияда Әлем Кубогында шеңбермен жаттығуда күміс жүлдеге ие болды, ХДСШ нормативін орындады. Анна Ресейде «Новогорск» базасында Ресей құрамасымен 2009 ж. Әлем Чемпионатына және 2010 ж. Азия Чемпионатына дайындалады, сонымен қатар Англияда 2012 Олимпиада Ойындарына ҚР намысын қорғауға дайындалуда. 

Скорикова Екатерина 1996 ж.т. – юниорлар арасында 2009 ҚР Чемпионы, Якутияда 2008 ж. «Дети Азии» Халықаралық жарыстарының жүлдегері, юниорлар арасында Азия Чемпионатына және Олимпиадалық Балалар Ойындары 2011 ж. дайындық жүргізуде.

Нұр-Сұлтан қаласында көркем гимнастиканың тарихына үлкен үлес қосқан бағдарламаның күрделі түрлерінің бірі – топтық жаттығулар жұмысы.     Енді міне бірнеше жылдар бойы ел чемпиондары, Қазақстан халықтарының II Спартакиадасының жеңімпаздары (Омарова Айгүл, Питерщикова Юля, Лесина Оля, Бекбосынова Ғайни, Киприянова Наташа, Котлабаева Рита, Ильмиенко О, Вотчел Марина).
Серикбаева Динара ҚР құрама командасының құрамында топтық жаттығуда 2009 ж. Санкт-Петербург Кубогының финалында шеңбермен жаттығуда 6 орын иеленіп, ҚР ХДСШ нормативін орындады, 2009 ж. Японияда топтық жаттығулармен ӘЧ дайындалып жатыр.
Қазіргі уақытта мектепте 6 жаттықтырушы жұмыс істейді, барлығы дене тәрбиесінен жоғары білімді, барлығында СШ атағы бар, соның ішінде жас маман  Красникова Аида ХДСШ.

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы:   
С.Д. Красникова (12.08.1956 ж.т.) жоғары санатты жаттықтырушы, СШ, ССС Халықаралық категориясының төрешісі, 2000 жылдан бері ҚР ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы, 2 жоғары білімі бар, ҚР Халықаралық Дәрежедегі Спорт Шеберлерін дайындады (Мерцалова Юляны, Красникова Аида, Зайнуллина Майя, Каулдашева Айдана, Серикбаева Динара, Алябьева Аннаны) және көп ҚР СШ, ҚР чемпиондары мен жеңімпаздарын, ӘЧ қатысушыларын, Азия және Азия Ойындарының чемпиондарын дайындады.
(Целиноград БЖСМ жаттықтырушы Адрианның тәрбиеленушісі).
 

№1 БЖМОРСМ  директоры                                С. А. Шарипов

Мектепке оқушыларды қабылдау туралы

 

001002

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 БЖМОРСМ» КММ көркем гимнастика, спорттық гимнастика, спорттық акробатика және батуттық гимнастика, спорттық биге қабылдау туралы ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 БЖМОРСМ» КММ спорттың 4 түрі таратылады: 3 олимпиадалық түрі – көркем гимнастика, спорттық гимнастика, спорттық акробатика және батуттық гимнастика, 1 олимпиадалық емес спорт түрі – спорттық би. Топқа іріктеу жалпы және арнайы дене дайындығы бойынша бекітілген тестке сәйкес жүргізіледі (иілгіштік, үйлесімділік, күш, жылдамдық, секіргіштік, тепе-теңдік). Балалардың дені сау болуы керек, бастауыш дайындық тобына қабылдау үшін баланың медициналық рұқсат қағазы болуы тиіс. 5 (6) жастағы балаларды ақысыз негізде қабылдау 25 тамыздан бастап 25 қыркүйекке дейін өткізіледі.
Мектептің орналасқан мекенжайы: Жангелдин көшесі, 9а, телефон: 28-25-61

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 БЖМОРСМ» КММ оқу бөлімі
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 БЖМОРСМ» КММ сайтына жауапты тұлға – басшының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Джукенова Айгуль Какимовна, телефон: 28-25-61

Мектептің сенім телефоны – 8 (7172) 28-25-61

 

Нұр-Сұлтан ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ №1 БЖМОРСМ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ-ОҚЫТУШЫЛАР ТІЗІМІ

Көркем гимнастика

trener 004  

Балгинбаева Меруерт Тулегеновна
(Старший тренер)

Астана қаласының көркем гимнастикадан аға жаттықтырушысы
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы
Қазақстан Республикасының спорт шебері

trener 001

 

Омарова Ляйлим Хакимовна

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы
Көркем гимнастикадан ҚСРО спорт шебері,
Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы

 

 trener 003

 

Нечитайло Оксана Ивановна

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы

 trener 002

 

Широкорадова Валентина Геннадьевна

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы

 trener 006

 

Зайнуллина Майя Владимировна

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы

Көркем гимнастикадан халықаралық дәрежелі спорт шебері

 hayralieva  

Хайралиева Асия Нуржановна

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы

Көркем гимнастикадан ҚР спорт шебері

 trener 007

 

Бекбосынова Гайни Нурлановна

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы
Көркем гимнастикадан ҚР спорт шебері

 trener 005

 

Лысогор Ольга Владимировна

Көркем гимнастикадан
ІІ санатты хореограф

 

trener 008

 

Алябьева Анна Розматовна

Көркем гимнастикадан халықаралық дәрежелі спорт шебері, хореограф

 

 

 

Кирилюк Марина Валентиновна

Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы

 kalonbaeva

 

Калонбаева Татьяна Александровна

Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы

 

   

 Спорттық гимнастика

sport 003

 

Гончарук Ольга Михайловна

спорттық гимнастика бойынша Астана қаласының аға жаттықтырушысы

Біліктілігі жоғары деңгейдегі
І санатты жаттықтырушы

ҚР спорт шебері

sport 004  

Жармаганбетов Амангельды Сагинтаевич

Біліктілігі жоғары деңгейдегі ІІ санатты жаттықтырушы

     

 son

 

Сон Ен-Гым

Біліктілігі жоғары деңгейдегі ІІ санатты жаттықтырушы

 sport 001  

Латынина Вера Николаевна

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы

 sport 002

 

Султанова Светлана Владиславовна

Біліктілігі жоғары деңгейдегі ІІ санатты жаттықтырушы,

ІІ санатты хореограф

   

Женысканов Ельдар Ерланович

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жаттықтырушы

Батут және акробатиқалық жолда секіру
 farafonov  

 Фарафонов Сергей Михайлович

старший тренер города Астаны по прыжкам на батуте и акробатической дорожке
Біліктілігі жоғары деңгейдегі ІІ санатты жаттықтырушы
ҚСРО спорт шебері

 dedurenko  

 Дедуренко Михаил Иванович

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы

ҚСРО спорт шебері

 other 001  

Бисингалиева Салтанат Болатовна

Біліктілігі жоғары деңгейдегі ІІ санатты жаттықтырушы

ҚР спорт шебері

 Zheniskanov  

 

Женысканов Ельдар Ерланович

Спорттық акробатика және батуттық гимнастикадан біліктілігі жоғары деңгейдегі жаттықтырушы

 Eshanhodzhaev  

 

Эшанходжаев Алишер Анварович

Біліктілігі орта деңгейдегі ІІ санатты жаттықтырушы

Спорттық би
 dance 001  

Тусупбекова Алия Майдановна

Астана қаласының спорттық биден аға жаттықтырушысы

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы

ҚР спорт шеберлігіне кандидат

 starikov  

Стариков Дмитрий Иванович

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы

dance 002  

Старикова Анна Владимировна

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы

dance 003  

Примакова Зиля Рафатовна

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы

   

Ибраева Елена Владимировна

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы

Хореограф