Батуттық гимнастикадан Қарағанды облысының ашық чемпионаты

Ү.ж. 03 - 05 мамыр аралығында Қарағанды қ. батуттық гимнастикадан Қарағанды облысының Ашық чемпионаты өткізілді. Біздің команда құрамында 31 адам қатысты. Нәтижелері:
ІІІ жасөспірімдер дәрежесі бойынша ұлдар арасында Амренов Имран  ІІ орын, Буйницкий Глеб – ІІІ орынға ие болды.
ІІ жасөспірімдер дәрежесі бойынша ұлдар арасында Ромашкин Иван – ІІІ орында, осы дәреже бойынша қыздар арасында Уәлихан Аружан – І орында.

Толығырақ: Батуттық гимнастикадан Қарағанды облысының ашық чемпионаты

Әсел Мұстафинаның жүлдесіне халықаралық турнир

2018 ж. 28 - 30 сәуір аралығында Павлодар қаласында көркем гимнастикадан   Әсел Мұстафинаның жүлдесіне халықаралық  турнир өткізілді. Жарысқа 9 аумақ қатысты, оның ішінде Ресей Федерациясы. Біздің мектептен 12 гимнастшы қатысып, 1 – алтын және  2 - күміс медаль иеленді. жеңімпаз – Аненова Жанель, жүлдегерлер - Әбу Адия және  Козюрина Кристина.

05052018 030

05052018 031

05052018 032

Малайзиядағы Азия Чемпионаты

2018 ж. 26 сәуірден 04 мамырға дейін  Малайзияда көркем гимнастикадан Азия Чемпионаты өткізілді. Біздің мектептен топтық жаттығулардан екі команда қатысты – олар жаттықтырушы - оқытушы Нечитайло Оксана Ивановнаның тәрбиеленушілері: Талғатбек Анель, Султанова Регина, Жакупова Даяна, Ерғалиева Динара, Будник Джессика, олардың нәтижелері – шеңбермен жаттығуларда - ІІ орын, көпсайыстан - ІІІ орын, доп және секіргіш жіппен жаттығуларда - IV орын.

Толығырақ: Малайзиядағы Азия Чемпионаты

«Менсұлу» ашық турнирі

Ү.ж. 27 сәуірде Алматы қаласында көркем гимнастикадан VІІІ «Менсұлу»   ашық турнирі өткізілді. Біздің мектеп командасында 5 гимнастшы алтын және күміс медальға ие болды. Алтын медаль иегері Мырзақұл Жібек, күміс медальға ие болған  Таменова Нарқыз.

05052018 010

05052018 011

05052018 012

05052018 013

Көркем гимнастика орталығының Ашық біріншілігі

2018 ж. 21-22 сәуірде  Мәскеу қаласында №1 көркем гимнастика орталығының ІІ ашық біріншілігі өткізілді.
Біздің гимнастшыларымыз – 13 адам –7 медаль иеленді, оның ішінде:  алтын – 2, күміс – 3, қола – 2. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында: Гапсалем Құралай, Шперлинг Арина – І орын; Кулакова Маргарита, Ихсанова Элина жеке бағдарламада – ІІ орын, ІІ орынға ие болған топтық жаттығулар командасы, құрамында: Кулакова Маргарита, Шперлинг Арина, Юсупова Аделя, Гапсалем Куралай, Ким Николь; Бартенева Злата топтық жаттығулар мүшесі және жеке бағдарламада – ІІІ орын иеленді.

05052018 001

05052018 002

05052018 003